13 шілде — ұлттық қауіпсіздік қызметкерлері күні

1213

13 шілде — ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлері күні. Мереке қарсаңында Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік комитетінің Оңтүстік Қазақстан облыстық департаментіне қарасты мұражай жаңа жәдігерлермен толықты. Мемелекетке маңызы мол дүниелерді құзырлы орган өкілдерінің өздерімен қатар марқұм болған қызметкерлердің әріптестері, туған-туыстары әкеліп тапсырған.

8269

Мұражайға енгенде ең алдымен қабырғаға ілінген құндылықты көзіңіз шалады. Мұнда мемлекет қауіпсіздігі органының қызметкерілері — ішкі және сыртқы жағдайды аяңдап байқап-қадағалаушы мамандардың еңбектері мен есімдері жазылған. Ерекше жинақта елінің қауіпсіздігі үшін өмірін құрбан еткен қандастарымыздың естеліктерін де кезіктіресіз.

Мәдени орынның алтын қорынан мекеме қызметкерлерінің әскери киімдері мен құнды құжаттар, алғыс хат-марапат қағаздары және фотосуреттер, кезінде құпия дерек ретінде сақталған дүниелер табылып отыр. Айта өтейік, осыдан 45 жыл бұрын жұмысын бастаған мәдени орында бүгінде мемлекеттің қауіпсіздігі үшін қызмет еткен азаматтардың 500-ден астам жәдігері сақталған.

Сейдулла Мықтыбаев, ҚР ҰҚК ОҚО департаментіне қарасты ардагерлер кеңесінің төрағасы, мұражай директоры: «Жәдігерлерді жинақтау үшін де еңбектенеміз. Қызметкерлердің туыс-жекжаттарын аралаймыз. Кей кездері мекемелерге хат жазатын да кездеріміз болады. Осылайша құнды дүниелерді жинап, мұражайда сақтап жатырмыз. Бүгінгі мерекемен әріптестерімді құттықтаймын, жауапты жұмыстың жүгін әрдайым абыроймен атқарыңдар дегім келеді!»