Биыл Н.Назарбаев зияткерлік мектебімен алғашқы түлектер қоштасты. Білім ордасын 200-ден аса жас тәмәмдап отыр. Мектеп әкімішілігі жас түлектердің куәліктерін салтанатты түрде табыстады.
Бұл түлектер ұлттық бірыңғай тестілеу тапсырмаған. Есесіне барлығында еліміздегі үздік жоғары оқу орындарына түсуге жолдама бар. Ал екі түлек шетелде тегін білім алады.
Фариза Жорабек, Н.Назарбаев зияткерлік мектебінің түлегі: «Көңіл-күйіміз өте жақсы. Қытайға барып оқимын. Алдымда не күтіп тұрғанын білмеймін. Бірақ осындағы ұстаздардың берген білімімен мектептің атына кір келтірмеймін деп ойлайымын. Және алған білімім өмірде де қажетіме жарайды деп білемін. Көңілде — толқыныс. Ата-анама да рахмет».