Алты айда 90 миллиард теңгенің өнімі өндірілді

411

Оңтүстікте соңғы алты айда 90 млрд теңгеден астам ауыл шаруашылығы өнімі өндірілді. Тиісінше, облыстың өнеркәсіп өнімінің көлемі алты айда 3,6 пайызға артып отыр. Бұл туралы «Оңтүстік» ақпарат орталығында облыстың 2015 жылдың I жарты жылдығындтағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері бойынша БАҚ өкілдеріне берген брифингте облыстық эканомика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы А.Абдуллаев мәлімдеді.

006

Индустрияландыру картасы аясында 65,8 млрд теңгеге 36 жобаны іске асырып, 3200 жаңа жұмыс орнын ашу көзделуде. Есепті кезеңде 17,7 млрд теңгеге 4 жоба іске қосылып, 1190 жұмыс орны ашылған. Ал ауыл шаруашылығында жалпы өнімінің көлемі 90,9 млрд теңгені құраса, оның ішінде мал шаруашылығында – 78,8 млрд теңге, егін шаруашылығында — 11,9 млрд теңгенің өнімі өндірілді.

Басқарма басшысы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 141,3 млрд теңгені, нақты көлем индексі 91,9 пайызды құрап отыр дейді. Ал құрылыс жұмыстарының көлемі 65,2 млрд теңгені құрап 8,4%-ға артса, іске қосылған тұрғын үйлердің алаңы 179 мың шаршы метрге жетті.

Сонымен қатар мемлекеттік бюджеттің кірісі 95,7 млрд теңгені құрады. Ол өткен жылдың тиісті кезеңіне сай — 97,6 пайыз. Жергілікті бюджетке 46,3 млрд теңге түсіп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 22,9%-ға артты.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі