Аула клубтарының ауласы тар

631
Шымкентте небәрі 15 аула клубы бар

Жазғы уақытта сіздің балаңыз немен айналысып жүр? Демалысы тиімді өтіп жатыр ма? Шымшаһарда жеткіншектер тынығатын орындар бұрынғыдан арта түскенімен, арнайы жабдықталған аула клубтары көп емес.

Қазір облыс орталығында 15 клуб бар. Оның барлығы жүйелі жұмыс жасап жатқан жоқ. Солардың бірі – Сайрам шағын ауданындағы «Жастық» аула клубы.

Шымкентте небәрі 15 аула клубы бар

«Жастық» аула клубына келушілердің дені – көпқабатты үйдің балалары. Олар бос уақытын осында өткізеді. Бірі сурет салса, енді бірі шахмат пен дойбы ойнаудан жалықпайды. Бір қызығарлығы, осында келіп ағылшын тілін үйренетіндер де артып келеді.

Әсел Мүтәли: «Мен осында келіп уақытымды тиімді пайдаланамын. Сурет саламын, ән айтамын, концерт ұйымдастырамыз.»

Жаз маусымында бұл аула клубы ауылына немесе лагерге бармаған жасөспірімдер үшін тиімді. Жат қылықтарға бармайды және бір-бірімен араласуға да мүмкіндік бар. Жазда осында ағылатын балалардың қарасы екі есе артады екен. Алайда, барлығын бірдей керек-жарақпен қамтып, қызықтыруға мүмкіндік бола бермейді.

"Жастық" аула клубында шығармашылық ойды арттыратын 4 үйірме бар
«Жастық» аула клубында шығармашылық ойды арттыратын 4 үйірме бар

«Жастық» аула клубының аумағы 80 шаршы метрді құрайды. Мұндай аядай жерде балалар 1 емес, 4 үйірмеде уақыттарын тиімді өткізеді. Мамандардың айтуынша, егер клубтың ауқымын сәл кеңейтсе, мұнда музыкалық және спорттық үйірмелерді қосуға мүмкін бар.

Айнаш Құдайбергенова, «Жастық» аула клубының меңгерушісі: «Біздің оқу орнымен айырмашылығыміз – жаз айларында үйірме жұмысымен қатар түрлі көпшілік іс-шаралар өтеді. Оқу жылында 4-5 үйірме қоссақ, жаз айларында бір-екеуін қысқартамыз да аулада көпшілік-мерекелік іс-шаралар өткіземіз.»

Балалардың жазғы демалыс уақтында келушілер екі есе артады

Шымкенттегі бұдан басқа 14 аула клубындағы жағдай әртүрлі. Бірақ клубтардың проблемасы ортақ – аумағы тар. Оның үстіне үйірмелердің жұмысын жүйелеу үшін құрал-жабдықтар жаңаланып тұрғаны абзал. Бұл – клубқа келушілердің тілегі.