Азат шағынауданының тұрғындары суға зәру. Мұндағы халық тіршілік нәрін тасып ішеді. Тұрғындардың күніне жарап тұрған 30 жылдық су ұңғымасының да тозығы жеткен.
Жәмилә Дулатбаева әудем жердегі мына ұңғымадан күнделікті су тасиды. Бұл су көзі небәрі 2 сағат қана жұмыс істейді. Құрылғыны ұзақ қосуға тағы болмайды. Тұрғындардың қалтасы шығынын көтермейді. Сондықтан ол мүмкіндікті пайдаланып, барлық ыдысын толтырып алуға тырысады.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=BLVHnpejANk[/youtube]
Осыдан 4 жыл бұрын шағынауданға су құбыры жүргізіліп, мұндағы 800 үй ауызуға қол жеткізген. Сол құрылыс кезінде кейіннен салынған үйлер ескерілмей қалыпты. Қазір мұндағы судан құр қалған 17 үй осыдан 30 жыл бұрын жергілікті тұрғындардың күшімен салынған су ұңғымасынан тіршілік нәрін тасып ішеді.
Жылдан жылға тозып бара жатқан су көзінің шығыны да артып келеді. Оның үстіне су құбыры жеткізілмей тұрғанда бүкіл шағынаудан халқының күніне жарап тұрған ұңғыманың тұтынушысы азайған сайын төлем халық қалтасына ауыр түсуде.
Тұрғындар өз есебімізден ортақ су жүйесіне қосылуға да жағдайымыз жоқ. Бұл шығын бізге салмақ салады дейді. Ал сала мамандары сусыз қалған тұрғындардың жайынан бейхабар болып шықты. Енді ортақ су жүйесіне қосылмай қалған үйлерді келер жылдың әлеуметтік картасына енгіземіз дейді.
Тиісті қаражат қаралғанша азаттықтардың көнерген су ұңғымасынан тіршілік нәрін ажырата тұруына тура келеді. Алайда, су көзі күн суытқанда жиі сыр беріп, тұрғындардың төлемін артырады. Халық биыл да кақаған қыста судың тауқыметін тартатын болдық деп алаңдаулы.