Бәйдібекте бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті

595

Халықты жұмыспен қамту үшін Бәйдібек ауданында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.
Аудандық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен эканомиканың басқа да салаларымен бірлесіп қолға алған шараға бірқатар мекемелер қатысып, 178-ге жуық бос және уақытша жаңа жұмыс орындары ұсынылды.

Білім саласынан — 22, денсаулық саласынан — 3, «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша — 94, мемлекеттік салалық бағдарламалар бойынша — 28, «Жұмыспен қамту — 2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша 31 орын.

Жыл басынан бері алғаш рет ұйымдастырылып отырған жәрмеңкеге 185 азамат қатысып, оның 135-не жұмысқа орналасу үшін түйіндеме толтырылып, жолдама берілді.

Сондай-ақ, ауданда араб инвесторы шейх Халифаның құс өсіру орталығында 120 адам жұмыс атқарса, оның 30 пайызы — аудан тұрғындары. Алдағы уақытта жобаның екінші кезеңі іске асып, жаңадан ашылатын 400-ге жуық жұмыс орнының 80 пайызына бәйдібектік тұрғындар қамтылатын болады.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі