Бес жасар Альбина – халықаралық сайыстың бас жүлдегері

590

Жерлесіміз – жеңімпаз! Альбина Ұзақова Қытай Халық Республикасында өткен балалар мен жасөспірімдердің халықаралық байқауында топ жарды. ХІ «Тау Ли» өнер сайысында бас жүлдені жеңіп келді.

5 жастағы бүлдіршін бүгінде Сайрам ауданы, Ақсукент ауылы «Аяла» бобекжай балабақшасының тәрбиленушісі. Жаны өнерге ғашық кішкентай Альбина халықаралық жарыста «Қуыршағым» авторлық әнін орындаған. Ендеше, шетелдік өнерпаздарды басып озған жеңімпаз жерлесімізге тек қана жақсылықтар тілейміз!

Альбина Ұзақова, ХІ «Тау Ли» өнер сайысының бас жүлде иегері: «Бұл мен үшін үлкен әрі күтпеген жеңіс! Өте қуаныштымын! Қарсыластарым көп болды, бірақ мен өзімнің үздік екеніме сендім. «Қуыршағым» атты ән – сазгер Қайрат Сыдықовтың шығармасы. Бұл жеңісіме марқайдым, бірақ мұнымен шектелмеймін. Шығармашылығымды шыңдаймын, еңбектенемін. Ал болашақта Қазақстанның мәдениет министрі болдуы армандаймын.»