Біржан Жақыпов Олимпиадаға барады

Бокстан әлем чемпионы Біржан Жақыпов Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында 2016 жылы өтетін Олимпиада ойындарына жолдама жеңіп алды. Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы AIBA Pro Boxing турнирінің іріктеу сайысының екінші маусымында жеңіске жетті.

001

Жерлесіміз соңғы, шешуші бәсекеде эквадорлық Карлос Эдуардо Куипо Пилатаксиден басым түсті. Бұл жекпе-жек 8 раундқа созылды.

Енді 31 жастағы боксшы алдағы 11-12 қыркүйек күндері өтетін турнир чемпионатының белбеуі сарапқа салынатын жарысқа қатысады. Қарсыласы – қытайлық Лю Бин. Олар бұдан бұрын да күш сынасып көрген. Онда қытай спортшысының жеңіске жеткен еді.

Қазақстан бокс құрамысында тағы бір жолдама бар. Ол 91 келілік – Василий Левит. Енді 26 шілде күні 52 келіде өнер көрсететін Ілияс Сүлейменов Мексикада алаң қожайынымен жолдаманы сарапқа салатын болады.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі