Күні кеше Шымкенттегі дендросаябақта қайғылы жағдай болды. Осындағы көлге 13 жасар бала батып кеткен. Құтқарушыларға суыт хабар сағат 13:45-те түсіпті.
Жасөспірімді іздеуге бірнеше сүңгуір кіріскен. Өкінішке орай, жеткіншекті аман алып қалу мүмкін болмады. Құтқарушылар оның денесін тереңдігі үш метр судың түбінен алып шықты.
Алдын ала белгілі болғаны, жас бала шомыла алмайды. Судың жағасына келген кезде аяғы тайып кеткен болуы мүмкін. Марқұмның Шымкентте Сарыағаш ауданынан келгені анық болды. Қазір полицейлер жас баланың судың жағасында қалайша ересектердің ертуінсіз жүргенін тексеріп жатыр.