Шымкенттегі дендросаябақтан бүркіт мүсіні ұрланды. Баукеспелер салмағы 60 келіден асатын ескерткішті түбінен кесіп, екі метрден асатын қоршаудан асып алып кеткен. Келген шығынның көлемі — 300 мың теңге.
Саябақ қызметкерлері мұндай ауыр заттың кімге қажет болғанын түсіне алмай дал. Ең өкінішітісі, ұрылардың бұл әрекеті дендробақтағы 12 камераның бірде-біреуіне түспеген. Қазір мұнда күзет күшейтілді. Себебі ұрланған бүркіттің қасында тағы алып тау арқары сияқты бірнеше аң құстың мүсіні бар.
Оқиға 26 сәуірден 27-іне қараған түні орын алған. Бүркіт мүсіннің жоғалғанын саябақ күзетшілері тек таңертең ғана байқап, ішкі істер қызметкерлеріне хабарласқан.
Жалпы, стратегиялық маңызы бар денросаябақта ұзын ырғасы 24 ағаш және тас мүсін бар. Тал-дарақтың 500-ден астам түрі егілген. 117 гектар аумақты алып жатқан алып бақты бір тәулікте небәрі 4 қарауыл ғана күзететін көрінеді.