Кәсіпкерлерді тексеру картасы жасалуда

351

«Бизнес тірегі». Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті осындай тың жоба әзірледі.

Ол жоба кәсіпкерлерді заңсыз тексерудің алдын алуға мүмкіндік береді. Тұтынушыға да тиімді тұстары көп. Қазіргі таңда жоба аясында «Тексерулер картасы» жасалуда. Бұл карта кәсіпкерлерге қатысты жүргізілетін тексерулер мен олардың қызметінде анықталған құқық бұзушылықтар жөнінде толық мағлұмат береді.

011

Сондай-ақ, кәсіпкердің тұтынушыға қаншалықты «қауіпсіз» екенінің рейтингісін шығарады. Жобаға сәйкес кәсіпкерлік нысандардағы тексерісті тек компьютер ғана белгілейтін болады. Әзірге тексеріс картасына тек тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің мәліметтері енгізіліп отыр.

Айта кету керек, жыл басынан бергі бес айда қадағалаушы орган өкілдеріне заңсыз тексерулер туралы 9 хабарлама түскен. Оның 7-уі расталған. Сәйкесінше заңсыз тексеру жүргізгендер қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылған.