Кентауда құрылыс материалын шығаратын цех ашылды

462

Кентау қаласында шыны-пластикалық талшықтан құрылыс материалын шығаратын цех іске қосылды. 2012 жылы Елбасының демеуімен еліміздегі 27 шағын қала моноқала бағдарламасына енді. Осы тізімге іліккен Оңтүстіктегі кенді қаланың тынысы бүгінде кеңейген. Кәсіпкерлік қарыштап дами бастады.

002

Күні кеше Кентауда шыны пластикалық арматура шығаратын цех ашылды. Жіп секілді заттан заманауи құрылыс материал дайындалуда.

Заманауи шыны пластикалық арматура темірден жасалғаннан 10 есе қолайлы. Әрі күнделікті шаруашылықта таптырмайтын зат.

Шағын цехтың жұмысымен танысқан қала әкімі Әбдібақыт Мақұлбаев осындай баға берді. Мұның бағасы металл арматурадан 30 есе арзан. Әрі төзімділігі темірден 3,5 есе мықты. Мұнымен үй тұрғызылса, ішке суық пен ыстық өтпейді.

Тиімді әрі сапалы затты шығаруда еңбек етіп жатқан Рашид Баширов өз жұмысына дән риза. Моноқала бағдарламасы аясында жүзеге асып отырған шағын цех қазіргі таңда 6 адамды жұмыспен қамтып отыр. Мұндағы құрал жабдықтардың барлығын да өздері жасап құрастырған.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=QvR22d8zYz8[/youtube]

Алдағы уақытта бұл цех Самарқаннан келген инвестордың қаржыландыруымен жұмыс көлемін ұлғайтпақ. Ол үшін қала әкімдігі жуырда ғана ашылған индустриалды аймақтан жер бөліп, сонда орналасуға қолдау көрсетпек.

Айта кетейік, Кентау қаласында жылдан жылға кәсіпкерлердің саны артып келеді. Былтыр 290 млн теңге несиеге берілсе, 12 млн теңге грантқа ұсынылды. Ал биыл несие алушыларға 500 млн теңге, ал гранттарға 13 млн теңге қаржы берілмек.