Кентауда электр қондырғыларын шығаратын кәсіпорын көбеюде

386

Кентау қаласында ұзындығы 115 шақырымды құрайтын «Жаңатас-Түркістан» бағытындағы теміржол ашылмақ. Бұл туралы «Оңтүстік» ақпарат орталығында өткен брифингте қала әкімі Ә.Мақұлбаев мәлімдеді.

014

Бұл туралы тиісті ұсыныс моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында Қазақстанның инвестициялар және даму министрлігіне жолданған. Бағдарлама аясында құны 867 млн теңге болатын электротехникалық қондырғылар шығаратын зауыт салынса, жаңадан 50 адамды жұмыспен қамтитын трансформатор бөлшектерін шығару жобасы іске асырылуда.

Ал Кентаудың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын дамыту бағытында 1 млрд 112 млн теңге бөлініп, бүгінде оның 612,4 млн теңгесі игерілген. Қаланы жылумен қамтамасыз ету бағытында қаланың жылу жүйелерін қайта құру бойынша 712 млрд 118 млн теңге қаралып, 9134 метр жылу құбырының 5500 метрі ауыстырылды.

160 көп қабатты тұрғын үйге қысыммен тексеру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар барлық бюджеттік мекемелерді жылу маусымына дайындау мақсатында тиісті жұмыстар атқарылып, қатты және сұйық отынмен қамтамасыз етілді.

Брифингте қала әкімі «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасы аясында бес қабатты, 60 пәтерлі бір үйдің құрылысы бітіп, кезекте тұрған тұрғындарға пайдалануға берілгенін жетізді. Сондай-ақ, «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында 2015 жылы екі маманға 277 мың теңге көтерме жәрдемақы төленіп, үй сатып алу үшін бір маманға 2 млн 880 мың теңге бюджеттік несие берілді.

-Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту 2020» бағдарламасы шеңберінде 358 көп қабатты үйдің 314-і кондоминиум нысаны ретінде тіркеліп, 67 млн теңгеге 9 үйге жөндеу жұмыстары жүргізілді, ‒ деді Ә.Мақұлбаев.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі