Шымкенттегі «Көрме» орталығында «Елбасымен бірге Оңтүстік Қазақстан облысы жастарының жүз қадамы» атты облыстық жастар форумы өтті.

Оңтүстік Қазақстанда 800 мыңға жуық жас болса, олардың 500 мыңға жуығы ауылдық жерде тұрады. Бір күндік жастар форумының мақсаты да осы ауыл жастарының ауыл шаруашылығынан басқа кәсіптің өзге түріне бейімдеу, моргиналды жастар тобымен жұмыс жүргізу және жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алудың тиімді жолдарын қарастыру болып табылады.

002

Жиынға қатысқан облыс әкімінің орынбасары Е.Айтаханов тәуелсіз елімізде тәрбиеленген алғашқы буын өкілдеріне дамыған 30 елдің қатарына кіріп, мәңгілік елге бастайтын ұрпақ екендерін айтып, осы жолда аянбай еңбек ететіндеріне сенім білдірді.

001

Оңтүстік Қазақстан облысының білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының «Жастар орталығы» мекемесінің ұйымдастыруымен өткен жиынға басқарма басшысы А.Елшиева қатысып, облыста жастар саясатында атқарылып жатқан жұмыстар мен жастардың жұмыспен қамтылуы жайында баяндама жасады.

004

Сондай-ақ, дәстүрлі дін және жастар, татулық пен ынтымақтастық ел экономикасының даму кепілі тақырыптарында және Елбасы Н.Назарбаевтың үздік отыздыққа апарар «100 нақты қадам» жоспарын жүзеге асыруда жастардың алатын орны жайында баяндамалар тыңдалды.

003

Шарада модератор болған облыстық «Жастар орталығы» мекемесінің директоры Е.Айтбаевтың айтуынша, жыл басынан бері өз кәсібін ашамын деген 30-ға жуық жас кәсіпкерге пайыздық төлемі төмен несие берілген. Ал «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 133 жас маманға екі миллион теңгеден астам несие беріліп, 337 жас маманға 139 мың теңге көлемінде бір жолғы көтермелеу жәрдемақысы төленген. Сонымен қатар «Жасыл ел» бағдарламасына 1000 жас, «Студенттік құрылыс жасақтарына» 500-ге жуық жас азамат жұмысқа тартылған.

005

Форумға аудан, қала көлемінде түрлі сала бойынша қоғамдық жұмыстарда белсенділік танытып жүрген 300-ге жуық жастар қатысып, өз саласында жетістікке жеткен үздіктері арнайы дипломдармен марапатталды.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі