Елбасы сыйға тартқан Бұхар бұғысы 90 басқа жетті. Бұл туралы «Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» мекемесінің директоры Б.Мошқалов «Оңтүстік» ақпарат орталығында өткен брифингте мәлімдеді.

005

Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің аймағы 120 мың гектарға жуық болса, оның 64 мың гектардан астамы – орманды алқап. Аймақта өсімдіктердің шамамен 955 түрі, сүтқоректілердің 46 түрі, құстың 309 түрі мекендейді.

– Осыдан 15 жыл бұрын Елбасы Н.Назарбаев Түркістанның 1500 жылдығына он бұқар бұғысын тарту еткен болатын. Бүгінде Түркістан филиалындағы тұқымбақта өсіріліп жатқан осы бұғылардың басы 89-ға жетіп отыр. Оның ішінде биыл туылған төлдер сегіз бас, – деді өңірлік табиғи паркінің директоры.

Өңірлік парк аумағын мекендейтін жабайы аң-құстарды сақтау, қорғау мақсатында облыс әкімі А.Мырзахметовтың тапсырмасымен биылдан бастап аң аулауға 3 жыл мерзімге мораторий жарияланды.

Сонымен қатар табиғи парк аумағында ішкі туризмді дамыту мақсатында туристік бағыттарды тамашалау алаңдарына кіру, көлік тұрақтары, қонақ және киіз үйлер, палаткалар, ұйқықаптар, жолсерік, экскурсовод, аудармашы, шағын автобус, қайық, көлікті шана, квадроцикл, мініс аттары, жылытылған жылжымалы вагон-үйлер, монша сияқты туристерге қызмет көрсету түрлері жүзеге асырылуда деді Б.Мошқалов.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі