Оңтүстікте кәсіпкерлер көбейеді. Бұл жөнінде облыстық кәсіпкерлер орталығында өткен жиында айтылды. Елбасының «100 нақты қадам» жоспарын талдаған топ бизнеске бет бұрғандар үшін қолға алынған мол мүмкіндікті атап өтті. Енді алғашқы кезеңдерде бастауыш кәсіпкерлерді тексеру де шектелмек.
Ал іс-шараны қолға алған Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жеқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департаментінің мамандары жиынға қатысушыларға олардың қоғамдағы құқықтарын айтып, мемлекеттік бағдарламының жүзеге асу баспалдақтарымен таныстырды.
Кәсіпкерлерге бағдар ұсынуды ұмытқан жоқ. Департамент өкілдері жергілікті кәсіпкерлерге ұлттық бренд болатын жылқының еті, қымыз, шұбат, құрт сынды өнімдерді өндіру қажет екенін алға тартты. Сонда ғана өңірімізде жұмыссыздар қатары кеміп, қазынаға түсетін қаржы көлемі еселенбек.
Гүлжан Мұсабекова, мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жеқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің бөлім басшысы: «Әрине, жұмыс беруші тарап, яғни, кәсіпорындар көбейсе, жұмыссыздар саны азаяды. Біздің басты мақсатымыз да осы — еңбеккерлерге мемлекет тарапынан емес, жекеменшік кәсіпорындар тарапынан жалақы қарастыру. Сонда бизнес саласы да кеңінен дамитын еді.»