Аптап ыстық орман шаруашылығындағы өрт қаупін күшейтіп тұр. Әсіресе, табиғи парктерде тілсіз жау тұтануы ғажап емес.
Осыны ескерген «Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік паркі» мекемесінің қызметкерлері қауіпсіздікті күшейткендерін айтады. Тілсіз жаудың алдын алу үшін мамандар арнайы дайындыққа кірісті.
Парктің инженерлік-техникалық құрамы және мемлекеттік инспекторлардың білімі жетілдірілген. Орман алқабын өрттен аман сақтау мақсатында жер жыртылып, өсімдіктер бақылауға алынған. Осылайша жалпы аумағы 120 мың гектар паркте қауіпсіздік шаралары қарқын алды.