С.Қаныбеков Түлкібастың тұрғындарын тыңдады

630

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары С.Қаныбеков жұмыс сапарымен Түлкібас ауданында болып, Керейт ауылындағы Арыс өзенінің арнасын түзеу жұмыстарымен танысты. Ауыл-аймақтың бойынан ағып өтетін өзеннің келуі мүмкін қауіп-қатерден алдын алу үшін облыстық бюджеттен 32 млн теңгеге қойылған бөгеттерді аралады.

002

Сондай-ақ, Арыс және Құлан өзендерінің бойына қойылған бөгеттерді қарап шықты. Жалпы бұл жұмыстарға облыстық және аудандық бюджеттен 23 млн 400 мың теңге қаржы жұмсалған. Сапар барысында С.Қаныбеков Керейт және Балықты елдімекендердегі мәдениет үйі мен кітапханаларды, Т.Рысқұлов ауылындағы облыстық бюджеттен 24 млн 798 мың теңгеге күрделі жөнделіп жатқан аудандық мұрағат пен өткен жылы пайдалануға берілген жасанды спорт кешенінің құрылысымен танысты.

Онда өңір басшысының орынбасары әрбір құрылыс нысандары талапқа сай сапалы жүргізілуін қадағалауды жауапты сала мамандарына тапсырды. Содан кейін аудан әкімдігінде С.Қаныбеков жеке мәселелерімен аудан тұрғындарын қабылдады. Ауыл-аймаққа жақын Көкбұлақ және Арыс өзендерінен келетін қауіптен сақтау, алдын алу мәселелерін көтерген азаматтарды тыңдаған облыс әкімінің орынбасары жауапты тұлғаларға бірқатар тапсырмалар беріп, айтылған өтініштер назарға алынатынын жеткізді.

Ауданға жасаған сапарында аймақ басшысының орынбасары Қазақстан Президентінің 5 институционалды реформасын жүзеге асыруға бағытталған «100 нақты қадам» ұлт жоспарын насихаттау бойынша тиісті сала мамандарымен кездесу өткізді.