Шымкент әлеуметтік-экономикалық дамудан Қазақстан бойынша көш бастады

297

Әлеуметтік-экономикалық даму бойынша Шымкент республикада бірінші орында келеді. 2014 жыл мен 2015 жылдың жарты жылы бойынша депутаттар алдында есеп берген қала әкімі Дархан Сатыбалды осылай дейді.

007

— Әлеуметтік-экономикалық даму бойынша Шымкент Қазақстанда алдыңғы қатарда келеді,- дейді қала әкімі. — Бұл тек әкімдіктің ғана еңбегі емес. Атқарушы билік пен халықтың да бірлескен әрекеті. Баршаңызға көрсеткен қолдауларыңыз үшін алғыс білдіргім келеді. Болашақта та алда боламыз деп сенемін.

Шымкент қаласына тартылған инвестицияның жалпы көлемі — 2,8, құрылыс — 4,6, ал жалақы 5,9 пайызға өскен. Сонымен бірге есепті мерзімде 26 кәсіпорын іске қосылып, 2 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылған.

Сонымен қоса қалалық мәслихатының кезектен тыс 48-сессиясында анықталғаны — Оңтүстік бюджетінің басым бөлігі әлеуметтік салаға бағытталған. Сондықтан білім, денсаулық сақтау, спорт және мәдениет саласындағы нысандар саны артып келеді. Биылдың өзінде 67 білім нысаны тапсырылады деп жоспарлануда.

Ал өңірдегі 929 елдімекенді инфрақұрылыммен қамту кезең-кезеңімен жүргізіліп келеді. Бір өкініштісі, облыста «Ақбұлақ» бағдарламасы тоқтап қалған. Ауыл тұрғындарын таза ауызсумен қамтуды көздеген бағдарламаға тұсау көп. Екі жылдан бері тұралап тұрған бағдарлама аясында 150 ауылдың жерасты суларын барлау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Айта өтейік, облыс бюджеті — 461 млрд. теңге. Ал өзіндік кіріс 17 млрд. теңге ғана.