Шымкентте 40 шақты отбасы жолсыз қалды

301

Шымкентте 40 шақты отбасы жолсыз қалып отыр. Еңбекші ауданындағы 194-орам тұрғындары ретсіз салынған құрылыстың салдарынан тас жолға шыға алмай қалды. Тығырықта қалған халық жолдың жайып айтып талай есікті қақса да мәселенің шешілетін түрі жоқ.

rrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrЖергілікті халықтың тасжолға шығатын жолын бөгеген әлдебіреулер мұнда қызу құрлысты бастап жіберіпті. Жолды жауып, ай-шай жоқ топырақтан бөгет жасаған.

Арғынбеков көшесіне шығу үшін енді көліктер шыр көбелек айналуға мәжбүр. Көпшіліктің пайдалануы үшін қалдырылған жерді кімнің иеленіп отырғанын білмейміз дейді жұртшылық.

Жергілікті тұрғындар талай құзырлы орынға шағымданып, арыз да жазған. Алайда, тұйықта қалған ағайынның жайына атүсті қараған атқамінерлер әлі күнге нақты жауап бермей отыр. Талай есікті жағалап, әуре сарсаң болған тұрғындар айдың-күннің аманында жолсыз қалғанына налиды.

Шымкент қалалық жер қатынастары бөлімі мамандарының сөзіне сенсек, бұл маңдағы жер телімдері қала аумағына 2007 жылдан бері енгізілген. Алайда, 8 жылдан бері жол мәселесі оң шешімін таппай келеді. Мәселені алдымен кешенді түрде зерделеп алуға уәде берген мамандар егжей-тегжейлі жұмыстар жүргізілетінін айтады. Алдымен жолға бөгет болған жер телімдерінің заңдылығы анықталады.

Жолсыз қалған жұртшылық әлі де жергілікті биліктен үмітті. Түйткілдер тарқатылып, көпшілікке жол ашылмаса, мұндағы ағайын сотқа дейін арыздануға дайын.