Шымкентте автобус жолаушылары тегін жүрді

621

Шымкентте Ораза айтының құметіне қоғамдық көліктер тегін жүрді. Қаладағы «Green bus company» фирмасының он қоғамдық көлігі жолаушыларға тегін қызмет көрсетті. Игі шара Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша өкілдігінің бастамасымен қолға алынған.

012

Бұл — бір күндік шара. 17 шілде күні таңертеңгі сағат жетіден бастап 5 бағыттағы 10 қоғамдық көлік жолға шықты. Олар — №№ 27, 78, 135, 35 және 12 бағыттағы автобустар.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=klczFfXwv6A[/youtube]

Фирма басшысы қала сыртына, орталықта және жаңа әкімшілік іскерлік орталығында жүретін қоғамдық көліктердің жүргізушілеріне бір күндік жалақысын бергенін, ал «Green bus company» ЖШС автобусты жүргізушілерге жалға емес, тегін бергенін хабарлады.