Шымкентте насыбай әлі де сатылуда

Шымкентте насыбай саудасын қыздырғандарға тыйым тұсау болмай тұр. Оны сату заңға қайшы деген ескертуге құлақ асқан жан табылмапты. Мұндай былықтар облыстық білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының мамандары мен құқық қорғаушылар бірлесіп жүргізген арнайы рейд кезінде белгілі болды.

Базарда насыбай сатып, нәпақа тапқан саудагерлер заңды еріккенің ісіне балауға көшкендей. Түсірілім тобы келгенге дейін бар тауарын жасырып үлгерген кей сатушылар салынған тыйымға пысқырғысы да келмейді.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=RkEg—Vk3x4[/youtube]

Ал келесі базар насыбай сатудың нағыз ордасына айналыпты. Мұндағы саудагерлер тұтынушының жас ерекшелігін де ескермейді. Насыбай сатып саудасын қыздырғандар заңнан бейхабармыз деп сылтауратты.

Сату былай тұрсын, кейбіреулер кепкен түйіршекті контейнерде дайындайтынына да түсіру тобы куә болды. Түрлі қалтаға қапталып, желім бөтелкеге нығыздалған насыбайдың бірнеше түрін кездестіресіз. Алайда сауда нүктесін тастай қаша жөнелген сатушы білмей қалдым деп ақталуда.

Бұл жолы насыбай сатумен нәпақа тауып жүргендерге ескерту жасалды. Келесіде айыппұл салынады. Егер осыдан нәтиже шықпаса, әкімшілік жаза тағайындалып, қоғамдық жұмысқа тартылады дейді тәртіп сақшылары.