Шымкенттегі экономикалық аймақта биыл 15 жоба ашылады

479

Шымкенттегі «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында биыл 15 жоба іске асады. Ал қазір мұнда құны 22 млрд теңгені құрайтын 8 ірі кәсіпорын жұмыс істейді. Нәтижесінде 1500-ге жуық азамат жұмыспен қамтылған. Бұл жөнінде «Оңтүстік» ақпарат орталығында өткен брифингте «Оңтүстік» АЭА» АҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы А.Укбаев мәлім етті.

003

Биыл жалпы инвестиция көлемі 100 млрд теңге болатын 15 жоба іске асырылып, 7 457 жаңа жұмыс орны ашылады. Ол жобалардың бесеуі жіп иіруге, екеуі тігінге қатысты болса, бір жоба қағаз және картон, төрт жоба дайын тоқыма бұйымдарын шығаруды іске асырады. Ал тағы үш жоба тоқыма емес бұйымдарын шығаруға бағытталған.

Сондай-ақ, А.Укбаев арнайы эканомикалық аймақта инвестиция көлемі 93,4 млрдтеңгені құрайтын 10 жоба қаралуда деді. Бұл жобалар іске асса, 6 мыңнан астам жұмыс орнын ашу көзделуде.

2005 жылы құрылған «Оңтүстік» АЭА-тың мақсаты – мақтаны қайта өңдеп, өндірістегі тоқыма және тігін өнеркәсіптерін дамыту. Тоқыма өнімдерін шығару үшін әлемдік сауда маркалардың өндірушілерін тарту, жоғары технологиялық өндірістерді құру, тоқыма өнімдерінің сапасын жақсарту болып табылады.

– Бұл басқарушы компания қатысушыларға өтінім беруден бастап іске қосуға дейін барлық мәселелер бойынша көмек көрсетеді. Мәселен әкімшілік бөгеттерден өтуде, серіктестер мен инвесторларды табуда. Аймақта коммуналдық ресурстардың барлық түрі бар. Біздің ресурстарымыз көптеген кәсіпорындарға жетеді. Мұнда қуаты 160 МВт шағын станция, мөлшері 200 мм газ, су құбыры және кәріз жүйесі болса, 250 телефон нөміріне арналған АТС, бірнеше көлік және теміржол, өрт сөндіру депо мен кедендік бақылау бекеті бар, ‒ деді төрағаның міндетін атқарушы.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі