Түлкібаста көп пәтерлі үй салынуда

291

Түлкібас ауданында ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу қарқын алып жатыр. Бүгінде ауданда 3 бірдей жоба қолға алынған. Оның бірі табиғи шырындарды өндіру болса, енді бір жобада құс етін өңдеу цехын іске көзделген.

аким Онымен қоса Түлкібаста жуырда ет өңдеу цехы да іске қосылады. Бұл туралы аудан әкімі Қайрат Әбдуәлиевтің есептік жиынында айтылды. Өз кезегінде ауданда ауыл шаруашылығы өнімдер көлемі де артып келеді. Атап айтқанда түлкібастықтар алма егуге ниет білдіріп отыр. Кәсіптің бұл түрін қолға алғандарға қосымша жер берілді.

Қайрат Әбдуәлиев, Түлкібас ауданының әкімі: «Ауданда жылдан-жылға халық санының өсуіне байланысты тұрғын үйге мұқтаждық та артып отыр. Биыл «Қолжетімді баспана-2020″ бағдарламасы аясында 64 пәтерлі үйдің құрылысы басталды. Бұл мақсатқа 50 млн теңге бөлінген. Алдағы жылы Түлкібаста кезекке тұрған 96 азамат тұрғын үймен қатылады деп күтілуде.»