Түлкібастық фермерлер бұлақ бойында бекіре балығын өсіріп, алғашқы өнімдерін алуда. Бұрындары ащы теңізде өсетін бекіре балығы енді ауасы қоңыржай салқын, тау бөктеріндегі мөлдір таза бастау суында өсуде.
Индустриалды карта аясында осыдан үш жыл бұрын балық шаруашылығын қолға алған бұл кәсіпорында бүгінде 33 тонна фарел мен 18 тонна бекіре балығы бар он бассейн жұмыс істейді.
Осы жобаны жүзеге асыру үшін жалпы 452 млн қаржы жұмсалса, оның 4/1 бөлігін «Максимум» аймақтық инвестициялық орталығы қаржыландырған. Теңіз балығының көбеюіне барынша жағдай жасаған шаруашылықта суды тазалау, жем салу жұмыстарының барлығы автоматтандырылған жүйемен іске асырылады.
Сонымен қатар облыста балық шаруашылығын дамытудың 2015-2016 жылдарға арналған іс-шара жоспары бекітілген. Осының аясында ауданда 24 бассейні бар қоймалар тұрғызылуда.
Аталған жоспар аясында өңірде 27 тауарлы балық шаруашылығы құрылуда. Осы жобаны жүзеге асыру үшін «Максимум» аймақтық инвестициялық орталығы 400 млн теңге көлемінде несие бөлуде. Балық өсіремін деп ниет білдірген азаматтарға бес жыл мерзімге жеңілдетілген пайызбен несиелер берілуде.
Осылайша бұрын ауданда өсірілмеген балық шаруашылығының жұмысы жанданып, басқа шаруашылықтарда балық кәсібін дамытуды қолға алуда.
ОҚО әкімінің баспасөз қызметі