Түлкібас ауданында ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу қарқын алып жатыр. Бүгінде ауданда 3 бірдей жоба қолға алынған. Оның бірі табиғи шырындарды өндіру болса, енді бір жобада құс етін өңдеу цехын іске көзделген.
Қайрат Әбдуәлиев, Түлкібас ауданының әкімі: «Ауданда жылдан-жылға халық санының өсуіне байланысты тұрғын үйге мұқтаждық та артып отыр. Биыл «Қолжетімді баспана-2020″ бағдарламасы аясында 64 пәтерлі үйдің құрылысы басталды. Бұл мақсатқа 50 млн теңге бөлінген. Алдағы жылы Түлкібаста кезекке тұрған 96 азамат тұрғын үймен қатылады деп күтілуде.»