Түлкібаста отандық тауардың сауда орталығы ашылды

438

Түлкібас ауданында отандық тауарларды сататын жаңа сауда орталығы ашылды. Аумағы екі мың шаршы метрге жуықтайтын сауда орнының сөрелеріндегі тауарлардың 80 пайызы отандық өнімдерді құрайды.

007

Жергілікті дихандардың өнімдері саудаланатын бұл орталықта тұрғылықты жердің 46 адамы жұмыспен қамтылып отыр. Жергілікті өнімдердің бағасы да нарықтағыдан әлдеқайда төмен.

Үш қабатты ғимарат құрылысына 200 млн теңге қаржы жұмсалған. Ең төменгі қабатында нан өнімдерін пісіретін цехтар, екінші және үшінші қабатында азық-түлік пен киімдер сатылады. Жиналған қауым сауда орталығын аралап көріп, қажетті тауарларын алып, өздеріне осындай заманауи үлгіде қызмет ұсынып отырған кәсіпкерге және аудандағы шағын кәсіпкерліктің дамуына жағдай жасап отырған аудандық әкімшілікке ризашылықтарын білдірді.

Жергілікті тауар өндірушілерді қолдау мақсатында бүгін сауда орталығы ел игіліне пайдалануға беріліп отыр деген аудан әкімі Қ.Абдуалиев барша тұрғындарды Ораза айты мерекесімен құттықтады.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі