Шымкент маңында ірі жол апаты болып, адамдар мерт болды. 21 шілдеге қараған түні сағат 03:30 шамасында құтқару жасағына жол-көлік оқиғасы жайлы суыт хабар түседі.
Шымкент-Ташкент тасжолының 11 шақырымында БМВ автокөлігі жол апатына ұшырап, жүргізуші мен жолаушылар іште қысылып қалыпты.
Төтенше жағдай департаментіне қарасты құтқару жасағаның қызметкерлері жол апаты болған жерге жеткенде жүргізуші мен үш жолаушы сол жерде мерт болғанын анықтады. Куәгерлер құтқарушылар жеткенше марқұмның екеуін көліктің кабинасынан шығарып алыпты.
Гидравликалық құралды пайдаланып, құтқару жасағының мамандары тағы екі адамның денесін сыртқа шығарады. Іштегі адамдардан тек екі жасар сәби ғана тыныс алып жатыр екен. Оны тез арада жедел жәредм дәрігерлері ауруханаға алып кетті.
Әзірге анығы — жеңіл көлік тасжолдың үстінде жүк көлігімен соғысқан. Қазір оқиғаны полицейлер тексеріп жатыр.