Төбелеске қатысқан судьяның тағдырын Жоғарғы сот шешеді

410

Осы уақытқа дейін облыстың судьялары 3270 қылмыстық істі қарады. Бұл — былтырғы 6 аймен салыстырғанда 400 іске көп. Тілшілермен сұхбаттасқан облыстық соттың басшығы осылай дейді. Бұған қоса қазылар «like Moscow» түнгі клубының жанындағы кісі өліміне қатысы бар судьяның жайы туралы да жауап берді.

006

Облыстық соттың төрағасы Нұрсерік Шәріповқа тілшілердің қойған алғашқы сауалы да осы болды. Әл Фараби облыстық сотының судьясы Бағдат Балтабаевтың әрекетін әріптестері қалай бағалап отыр? Еске салайық, судья түнгі клубтың жанындағы топтасқан төбелеске қатысып, оқиғаның соңы кісі өлімімен аяқталды.

— Бұл істі комиссия мүшелері қарап қойды,-деді облыстық соттың төрағасы. — Таяуда бір шешім қабылданады.

Қазір судья Балтабаевтың өкілеттілігі қаралу үстінде. Ол жұмыс орнына келіп жүргенімен, төрағалық жасауына тыйым салынған. Бұл істе соңғы сөзді Жоғарғы соттың төрағасы айтады.

Нұрсерік Шәріпов бұл жиында сот саласында болуы мүмкін реформаны да айтып өтті. Заңды жасаушылардың ойынша, бұл реформа істі қарау уақытын анағұрлым қысқартуы тиіс.

Нұрсерік Шәріпов, ОҚО сотының төрағасы: «Жаңа сот реформасында үкім шығарудың үш баспалдағы қарастырылады. Бірінші баспалдық — аудандық сот, екінші саты — облыстық сот пен апелляциялық алқа. Ал соңғы, үшінші баспалдақ — Жоғарғы сот және кассация. Ал қазір бізде үкім шығару үшін соттың бес сатысы бар. Ал үш сатылы процес шешім шығару уақытын қысқартар еді.»

Бұған қоса жыл басынан бері қарауға түсетін әкімшілік істің саны көбейді дейді судьялар. Нақты айтқанда — 13334 іс. Ал бұл көрсеткіш — өткен жылдың алты айымен салыстырғанда 2000 іске артық.