Төле би ауданында орта мектептің қосымша ғимараты ашылды

321

Төле би ауданында Ы. Алтынсарин атындағы жалпы орта мектептің қосымша ғимараты пайдалануға берілді. 175 оқушыға лайықталған шағын білім беру нысаны заманауи талапқа сай бой көтеріп отыр.

Су жаңа ғимарат кең әрі жарық. Сынып бөлмелері заманауи талапқа сай жабдықталған. 175 оқушыға лайықталған білім ордасы жаңа оқу жылына сақадай сай. Мердігер компания нысанды айналасы бір жылдың ішінде салып бітіп, кестеге сай тапсырды.

Жазғы демалысқа қарамастан мектептің ашылу салтанатына арнайы келген Айдана Мейірбек алдымен еңбек сабағына арналған сынып бөлмесін аралап көрді. Құрал-жабдықтармен танысты. Оқушыларға жасалып отырған мұндай жағдай шәкірттердің білімге деген құштарлығын арттырып, қанаттандырады дейді қаршадай қыз.

Айта кетейік, бүгінде ауданда екі түйткілді мектеп бар. Оның бірінің ғимараты апатты деп танылса, енді бірі үш ауысымда білім береді. Жауаптылар апатты мектептің мәселесін шешу үшін бүгінде арнайы қаржы қаралған деп сендіреді. Ал үш аусымды мектеп келер жылы шешімін табады деп күтілеуде.