Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназия жөнделуде

1734

Биыл Шымкентте күрделі жөндеуден өтіп жатқан білім нысандарының қатарында Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназиясының ғимараты да бар. Республикалық бюджеттен бөлінген 124 млн теңгеге мектеп ғимаратының төбесі жаңаланады. Сондай-ақ, су мен жылу жүйелері толығымен алмастырылады.

008

Жобалық-сметалық құжатқа сәйкес білім ошағында жылу жүйесінен бастап еденге дейін жаңасына ауыстырылады. 20 жыл бұрын пайдалануға берілген №65 мектептегі жылу жүйесі осыған дейін сыр бермеген. Тек еденнің астындағы құбырлар шіріп, жылу беру маусымында ақаулар орын алғанын шаруашылық ісі меңгерушісі жасырмайды.

Мектептің асханасында да күрделі жөндеу жұмыстары жүргізуде. Құрылыс бригадасының айтуынша, ғимарат терезелері толығымен пластикалық жиынтықпен алмастырылады. Құрылысқа республикалық бюджеттен 124 млн теңге бөлінген. Бригадир құрылыс жұмыстарын кестеден кешіктірмейтінін, қазірдің өзінде жартысы орындалып қойғанын жеткізді.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=0T9rY_xJpcM[/youtube]

Мердігер компанияның өкілдері жөндеу жұмыстарын тамыз айының 20-на аяқтаймыз деп отыр. Нысандағы құрылыс барысын қалалық білім бөлімі мен «Тұран құрылыс»техникалық қадағалаушы мекемесі жіті бақылауына алған.