Жаңа технологиялар колледжі жөнделуде

758

Шілденің шіліңгір ыстығына қарамастан Шымкентте жаңа оқу жылына дайындық қызу. Әсіресе мектептер мен колледждердің құрылысы қарқын алған.

Солардың бірі Шымкент жаңа технологиялар колледжінің ғимараты күрделі жөнделуде. Іргетасы өткен ғасырдың 70-жылдары қаланған колледждің бір емес, екі спорт залы бар. Екеуі де күрделі жөндеуден өтіп жатыр.

018

Жобалық-сметалық құжатқа сәйкес ағаштан жасалған терезелер пластикаға алмастырылады. Еденнің жарамсыз бөлігі де жаңаланбақ. Сонымен қатар құрылыс барысында мәжіліс залы мен асхананың және шеберхананың төбесі жаңа материалмен жабылады. Жұмыстың құны 79 млн теңгеге бағаланыпты. Қаржы республикалық бюджеттен бөлінген.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=nR-z9t_EmXI[/youtube]

Колледж ғимаратының барлық қабатында жоспарлы әрлеу жұмыстары да жүріп жатыр. Мердігерлер қыркүйекке дейін құрылыс жұмыстары толық аяқталатынына сенімді. Құрылыстың барысын құзырлы мекемелер қадағалап отыр.