Жалған ақпарат тартқан азамат қамауға алынды. Шымкентте 52 жастағы ер кісі көпқабатты тұрғын үйге жарылғыш зат қойылған деп, бүкіл Шымкентті аяғынан тік тұрғызған болатын.
Бүгін Абай аудандық соты күдіктіні 2 айға қамауға алуға санкция берді. Бұл туралы Абай аудандық сотының төрағасы Түгел Бекімбетовтің өзі мәлімдеді. Әзірге күдікті сот-психиатрлық сараптамалардан өтуі тиіс. Комиссияның шешімі «жалған лаңкестің» тағдырын шешеді.