Жол апатынан тірі қалған сәби ауруханада шетінеп кетті

427

Шымкенттің маңында түн ішінде болған жол апатынан тірі қалған 2 жасар сәби ауруханада шетінеді. Қайғылы жол-көлік оқиғасы Ташкент тасжолының бойында болған еді.

003

 — Жол апатының салдарынан бұл балақан ауыр жарақат алып, есін жимаған күйі о дүниелік болды, — деп хабарлады тілшілерге Шымкент қалалық жедел жәрдем ауруханасының дәрігер-хирургы Талғат Шәуенов.

Еске сала кетейік, ашық бас-жи жарақатын алған бүлдіршінді жедел жәрдем дәрігерлері түн ішінде ауруханаға жеткізген. Осында ақ халаттылар сәбидің өмірін сақтап қалу үшін қолдарынан келгендерін жасағанымен, ол тірі қалмады…