Жолды жөндеуге қаржы тапшы

304

Бүгінде Шымкент қаласында 347 шақырым топырақ жол бар. Шаң басып жатқан сапасыз жолдар асфальттауды қажет етеді.

Сала мамандары былтыр билік өкілдерінен жолдарды жөндеу үшін қаражат сұраған. Алайда, бұл ұсыныс қолдау таппапты. Бұл туралы коммуналдық салаға жауапты мамандардың БАҚ өкілдерімен басқосуында мәлім болды. Жолдарды асфальттауды қаржының жоғынан қолға ала алмай отырмыз дейді олар.

Бүгінде Шымкентте мыңға жуық аялдаманың 134-і жекенің меншігіндегі аумақта орналақан. Жалға берілген қоғамдық орындардың 20-ға жуығы қала сәулетіне сай келмейтіндіктен алынып тасталған. Аялдамаларды күтіп ұстауға 15 млн  теңге қаражат қаралған. Сала мамандары жуық арада аялдамаларды қайта қалпына келтіруге уәде берді.