Халықаралық «Авиадартс — 2015» байқауына қатысқан Қазақстан командасы жүлделі екінші орынды иеленді. Армия ойындарында Ресейдің ұшқыштары бірінші болса, қытайлықтар үштікті қорытындылады.
Жарыс Ресейдің Рязань облысында өтті. Бұл конкурсқа ұзын-саны 100-ден астам ұшқыш ұшақтар мен тікұшақтың 12-ден астам түрінде Рязань, Брянск және Калуга облыстарының үш әуежайында өнер көрсетті.
Құрамында шымкенттік 55652 әскери бөлімінің ұшқыштары бар Қазақстан экипажы жарыста Су-27 және МиГ-29 истребительдерінде, Су-25 шабуылдаушы ұшақтары мен Ми-8 тікүшағында әуеде жалпы көлемі 300 сағаттан артық ұшып, шеберліктерін дәлелдеді.