Өзбекстанда іздеуде жүрген ұры Астанада ұсталды

365

Көрші елде іздеуде жүрген қылмыскер Оңтүстікте ұсталды. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Пәтер тонап, іздеуде жүрген 27 жастағы азаматты Шардараның полицейлері қолға түсірген. 2015 жылдың 16 мамырында түн ішінде жергілікті полицейлерге 42 жастағы азаматша арызданған. Оның айтуынша, сырттай таныс, шамамен 30 жастағы жігіт үйінде жұмыс жасап жүрген. Сол сеніміне кіріп, түн ішінде үйіндегі алтын бұйымдары мен ақшасын ұрлап кетіпті.

Оқиға орнына жедел-тергеу тобы жіберілді. Кейіннен күдікті жедел-іздестіру іс шарасы нәтижесінде Астана қаласында бой тасалап жүрген жерінен ұсталды. Ол 1988 жылы туылған Өзбекстан азаматы болып шықты.

Қазіргі таңда тергеушілер күдіктінің көрші елде осыған ұқсас қылмыс жасады деген күдікпен іздеуде жүргенін анықтап отыр. Ал қазақстандық жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 1,5 милион тенгені құрайды.

Аталған жайтқа қатысты қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейнгі тергеу амалдары жүргізілуде.