Бәйдібекте құбыр ұрлап, Шымкентте сатқан…

412

Бәйдібек ауданының полицейлері металл құбырларын ұрлады деген күдіпен 43 жастағы азаматты ұстады. 21 шілде күні аудандық ішкі істер басқармасының кезекші бөліміне бір компания өкілдері арызданып, белгісіз тұлғалар газ құбырларының астына төсеуге арналған, үлкен диаметрлі 7 дана металл құбырды ұрлап кеткені туралы арызданған.

001 (2)

Тәртіп сақшыларының жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Шымкент қаласының 1972 жылы туылған тұрғыны анықталып, ұсталды. Ол бұған дейін сотты болған.

001 (1)

Тергеушілер құбырларды ұрлау үшін күдікті кран жалдап әкеліп, 7 құбырды артып алғанын анықтады. Сөйтіп олжасын Шымкент қаласында арзан бағаға сатып жіберген. Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын көлемі 2 млн теңгеден асады.

001 (3)

Осы жәйт бойынша қылмыстық кодекстің 188-бабы (ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауда. Тергеу амалдары жүргізілуде.