Баспасөз қызметкерлері семинарда бас қосты

585

27 тамыз күні Шымкентте «БАҚ және мемлекеттік органдар қарым-қатынасын жақсарту» тақырыбында баспасөз қызметкерлеріне арналған семинар ұйымдастырылды. Іс-шара инвестициялар және даму министрлігінің байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің қолдауымен өтті. Ұйымдастырушылар — «Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігі мен Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі саясат және дін істері басқармасы.

001

Семинарға спикер ретінде журналист, политолог Кенжеболат Жолдыбай, «Қазақстан» РТРК АҚ баспасөз хатшысы Рауан Есқали, «Baq.kz» ақпараттық порталының бас редакторы Серғали Балажан, облыстық ішкі саясат және дін істері басқармасының орынбасары Жанар Бектаева, «Шымкент келбеті» және «Панорама Шымкента» газеттерінің бас редакторы Айгүл Қапбарова қатысты.

002

Мемлекеттің қызметін ақпаратпен сүйемелдеу республикалық бұқара ақпарат құралдары үшін басты басымдылық болып табылады. Сол себепті семинар барысында мемлекет басшысының 2015 жылғы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына жолдауының және «Ақпаратты Қазақстан — 2020», «100 нақты қадам» мемлекеттік бағдарламаларына орай ақпаратты-идеологиялық жұмыстардың өзекті мәселелері әрі сапасын көтеру жолдары мұқият қаралатын болады.

004

Нақты мемлекеттік органдардың қызметін насихаттау бағытындағы жауапкершілігін және үйлестіру жүйелерін жетілдіру, БАҚ пен мемлекеттік органдардың қарым-қатынасын жақсарту, тиімді өзара әрекет етудің әдістері мен ақпаратпен алмасу туралы талқылау, баспасөз қызметшілерінің жаңа жағдайда жұмыс істеуіне ықпал боларлықтай кәсіби біліктіліктерін көтеру.

005

Іс-шара мемлекеттік ақпараттық саясатты жаңа өзгерістерге бейімдеу бағытында нақты ұсыныстарды анықтауға мүмкіндік туғызды. Мұның өзі, сайып келгенде, баспасөз қызметкерлерінің мүмкіндіктерін күрт көтеруге тиімді жағдай туғызары анық.

007

006

«Бас редакторлар клубы» бірлестігі республикалық БАҚ беделді басшыларын біріктіретін ең ірі бірлестіктің бірі болып, Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдары мен республикалық ведомстволық баспасөз қызметі арасында екі жаққа да қолайлы қарым-қатынас орнатуға ниетті.

008