Оңтүстік Қазақстан облысының мектеп оқушыларын 2015-2016 оқу жылында оқулықтармен қамтылуы туралы
Мемлекеттік бағдарламаға сәйкес, мектеп оқушылары жергілікті бюджеттен (аудандық, қалалық) ақша бөліну арқылы жыл сайын кезең-кезеңімен сатып алу жолымен тегін оқулықтармен және оқу-әдістемелік құралдармен 100 пайыз қамтамасыз етіліп келеді.
Анықтама: 2011 жылы — 4 ,6, 11-сыныптар — 100%, 2012 жылы — 1, 7, 8-сыныптар — 100%, 2013 жылы — 2, 9-сыныптар — 100%, 2014 жылы — 3, 10-сыныптар — 100%.
Министрлік бекіткен «11 жылдық білім беру бағдарламалары бойынша әзірленетін оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерін дайындау, сынақтан өткізу және енгізу кестесіне» сәйкес (ҚР БҒМ 2014 жылдың 17 қазаны), 2015 жылы 4, 5, 6 және 11-сыныптарға арналған оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендеріне және 3-сыныптың ағылшын тілі мен 7-сыныптың информатика пәні оқулықтарын қамту бойынша тиісті жұмыстар атқарылды.
Оқулықтарға сұраныс Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 10 желтоқсандағы №515 бұйрығымен бекітілген, 2015-2016 оқу жылында пайдалануға рұқсат етілген оқу басылымдарының тізбесіне сәйкес жасалады.
2015 жылы оқулықтарды қайта басып шығару кестесіне сәйкес 4, 5, 6, 11-сыныптарға арналған оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендеріне және 3-сыныптың ағылшын тілі, 7-сыныптың информатика пәні оқулықтарына тапсырыс беріліп, «САТР», «Пирсон», «Географиялық республикалық атаулы мектеп», «Алматыкітап», «Studi» (Кэмбридж), «Жазушы», «Атамұра», «Келешек-2030», «Білім», «Мектеп», «Арман ПВ», «Бөбек» баспаларымен келісім-шарттар жасалды.
Оқулықтарды жеткізу келісім-шарттар бойынша бекітілген мерзім аралығында іске асырылды. Бүгінгі таңдағы кестеге сәйкес барлық аудан, қалаға қажетті оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар топтамасы баспалардан толығымен тасымалданды.
Сонымен, биылғы оқу жылы қарсаңында оқулықтар және оқу-әдістемелік құралдар топтамасы 4,5,6 және 11-сыныптың оқушыларына толық, 3-сыныптың ағылшын тілі және 7-сыныптың информатика пәні оқулығы 100 пайыз қамтылды.
ОҚО білім, жастар ісі және тілдерді дамыту басқармасының баспасөз қызметі