Чапаевкада тағы жарылыс

348

Шымкенттің ең беймаза ауданы саналатын Чапаевкада да жарылыс болды. Төтенше жағдай Крижинавский көшесінде күндізгі сағат 12 шамасында болған.

006

Белгісіз заттың жарылуынан бір адам аяғынан жарақат алған. Оны жедел жәрдем дәрігерлері ауруханаға алып кетіпті. Жарылғыш заттан үйдіѕ сыртқы қақпасы бүлінген.

Айта кетейік, Чапаевкада мұндай төтенше жағдай осымен бір емес, бірнеше рет болып отыр. Тіпті, 2014 жылы бірнеше күдікті ұсталып, сотталған да болатын. Дегенмен, аудан әлі тыншымаған секілді.