Депутаттар отандық кәсіпорындар үшін алаңдайды

Оңтүстіктің депутаттары дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өткен соң отандық кәсіпорындар жұтылып кете ме деп алаңдайды. Осыған байланысты тұрақты комиссияның кезекті отырысында келелі мәселе көтерілді.

004

Халық қалаулылары қазір өңірде жұмыс істеп жатқан зауыт-фабрикалардың қуаттылығын қадағалап отыратын арнайы комсиссия құру қажет деп санайды. Сондай-ақ кәсіпкерлерге бөлінген экономикалық, индустриалды аймақтардағы жер телімдерінің тиімді пайдаланылуын жолға қоюды талап етті. Бос тұрған кәсіпорындарды анықтап, маңызды жобаларды іске қосу да нәтижелі болмақ.

Облыстық энергетика және коммуналды шаруашылық басқармасының жарты жылдық есебін тыңдаған депутаттар Батыс Европа — Батыс Қытай халықаралық дәлізінің Шымкент бағытын да сынға алды.

Халық қалаулыларының пікірінше, қомақты қаражатқа салынып жатқан дәліздің сапасы көңіл көншітпейді. Мұны салаға жауаптылар да мойындап отыр. Зерттеу жұмыстарын жүргізген мамандар жолдың жарыла бастағанын айтады. Алайда сала басшылары бұл олқылықтар қазір ретке келтіріліп жатыр деп сендірді.