Облыстық кардиологиялық орталықтың ашылғанына 15 жыл толды. Ашылған күннен бастап халықаралық деңгейде қызмет көрсетіліп келеді. Қазақстандағы бірегей емдеу мекемесіне айналды. Орталық мерейтойына арналған шарада облыс басшылығы дәрігерлерді құттықтап, тынымсыз еңбектеріне күш, жігер, табыс тіледі.
Бүгінде кардиологиялық орталық республикада Астана мен Алматыдан кейін үшінші орында тұр. Мұнда облыс тұрғындарынан бөлек өзге де өңірлердің тұрғындары ем іздеп келеді. Оған негіз де бар.
Себебі, Қазақстан бойынша біздің орталықта ғана жүрек ақауларын емдейтін қондырғы орнатылды. Осы уақытқа дейін орталықта екі мыңнан астам науқасқа ота жасалған. Нәтиже жаман емес дейді кардиологтар.