Оңтүстікте жылыжай көлемі мың гектардан асты

428

Оңтүстік Қазақстанда І жарты жылдықта 91 млрд теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндірілді. Бұл туралы облыс әкімі алты айдың есебінде мәлімдеді.

Биыл бұл саланы қолдауға бағытталған қаржы 1,2 есеге артқан. Егіс көлемі 6 мың гектарға артып, 785 мың гектарға жетті. Ұзақтығы 263,7 шақырымға жететін 43 канал жөнделсе, Бәйдібек, Созақ аудандары мен Түркістан қаласында 3 су қоймаларының құрылысы басталды.

Аграрлы аймақта қарқынды бау шаруашылығына қажетті көшеттермен облыстың шаруалары толық қамтамасыз етілді. Баудың көлемі 26 мың га, оның ішінде интенсивті бау 2,1 мың га жеткізілетін болады деді А.Мырзахметов.

001

Облыс тұрғындарының әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында үй іргелік жер телімдерін пайдалануына қатысты барлық қала, аудандарда талдау жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 66,4 мың га үй іргелік жердің 25,6 мың гектарына құрылыс салынып, 38 мың гектарына егіс егілгені, 2,8 мың гектары игерілмегені анықталды.

Осыған орай үй іргелік жерлерді тиімді пайдаланудың үш жылдық іс-шарасы әзірленді. Оларды тиімді пайдалануды ынталандыру үшін «Максимум» АИО» ЖШС арқылы 6 пайыздық несие берілетін болады.

Сондай-ақ, тамшылатып суару әдісі 7,5 мың га жерге ендіріліп, 41,4 мың га жетсе, жыл соңына дейін 44 мың га жетпек. Бұл республикалық көрсеткіштің 73,8 пайызын құрайды. Ал жылыжай аумағы 95,2 га ұлғайып, 1000 гектардан асса, бұл республикалық көрсеткіштің 87 пайызын құрап отыр. Жыл соңына дейін 1012 га жетпек.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі