Елбасы Н.Назарбаевтың бес институционалдық реформасын іске асыру жөніндегі «100 нақты қадам» ұлттық жоспарын түсіндіру үшін облыс әкімінің орынбасары С.Қаныбеков бастаған облыстық ақпараттық-насихаттық топ мүшелері Ордабасы ауданында болып, жиналыс өткізді.

007

Алғашқы сөзді Сәкен Әсембекұлы алып, ұлттық жоспардың мемлекеттік ұлттық саясаттың негізгі бағыттарын жүзеге асыруға, этносаралық келісім мен толеранттылықты одан әрі нығайту бойынша мемлекеттік және қоғамдық азаматтық институттарының өзара іс-қимылының тиімділігін арттыруда алатын рөліне тоқталды.

Сонымен қатар мемлекеттік қызмет саласындағы орын алатын реформаның тиімділігін баяндады. Аудандық жұмыспен қамту орталығының басшысы Э.Бердімұратова, ауданның құрметті азаматы Р.Битуғанов 100 нақты қадамды іске асыруда ордабасылықтарды белсенділікке шақырды.

008

Басқосуға сонымен қатар облыстық еңбек инспекциясы жөніндегі басқарманың басшысы Б.Есқараев, мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің тәртіптік кеңес хатшылығының меңгерушісі Қ.Құлажанов қатысты.