Ордабасыда жедел басқару орталығы ашылды

579

Ордабасы ауданында шағын жедел басқару орталығы ашылды. Бұл орталық облыстық ішкі істер департаментіне қарасты жедел басқару орталығының принципімен жұмыс істейді. Яғни, әр түрлі жерлерге орнатылған бейнекамералардың жазбалары бір орталыққа жиналады.

005

Интел­лек­туалды бағ­дар­­­ла­малары бар бей­нека­мералар жүйе­сі аудан орта­лы­ғын­дағы қар­қын­ды жол қоз­ға­лы­сы аумақ­та­рында іске қосылып отыр. Көшедегі оқыс оқиғаларды түсіріп, құқық қорғау қыз­меткерлерінің назарын аударуға бағыт­талған құрылғы он екі жерге орнатылды.

Бұл мақсатта аудан бюд­жетінен 12 мил­лион теңге бөлінген. Салтанатты шараға аудан әкімі Самат Сапарбаев пен облыстық ішкі істер де­партаменті бастығының орын­басары, полиция полков­нигі Сұңғат Тіленшин қатысты. Алдағы уақытта бейнекамералар мүм­кіндікке қарай ауыл­дық ок­руг­­терде де ор­натылмақ.