Сөмкені ала қашқан ұры бірден ұсталды

551
Күдікті жігіт

Шымкенттің полицейлері қалта ұрысын қолға түсірді. Бұл оқиға түнгі сағат 21:30 кезінде Тәуелсіздік бағында болды. Осында қыдырып келген әйелдің сөмкесін белгісіз біреу тартып әкеткен.

Жәбірленуші
Жәбірленуші

Жәбірленуші дереу 102 нөмірі арқылы полицейлерге хабар береді. Орталық басқару пультіндегі кезекші тез арада саябақтағы тірек бекетінің инспекторларына нұсқау берген. Тәртіп сақшылары жүгіріп жүріп, саябақтың ішін аралайды. Нәтижесінде ұры алысқа ұзай алмай, бірден қолға түсіп отыр.

Күдікті жігіт
Күдікті жігіт

— Мен саябаққа қыдырып келгенім сол еді, — дейді келіншек. — Кенет, телефоныма сіңлім қоңырау шалды. Жауап беріп, жолдың шетіндегі орындыққа отырдым. Сөйлесіп отырғанда сөмкемді жаныма қойғаным сол еді, біреу тартып алды. Қарасам, бір жігіт қашып барады. Сөйтсем, ол мен отырған орындықтың арқалығының артына жасырынып, бұғып отыр екен.

Ұсталған жігіт өзінің кінәсін бірден мойындады. Айтуынша, өзі Леңгір қаласының тумасы. Әзірге уақытша Шымкенттегі Көксәйек елдімекенінде тұрамын дейді. Сөмкесінен бірнеше банк карточкасы мен жас қыздың жеке куәлігі табылды.

001 (3)

002

 

Бұл заттардың сөмкесінде қайдан жүргенін сұраған инспекторларға қолға түскен жігіт дұрыс жауап бере алмады. Оны тәртіп сақшылары Әл Фараби полиция бөліміне алып кетті. Қазір өзге де қылмыстарға қатысы тексерілу үстінде.