Ерлікке — тағзым, елдікке — тағзым. Шымкентте әскери әуе десанты күні аталып өтті. Қай ұрыста болмасын — екінші дүниежүзілік соғыста, Ауған жеріндегі шабуылдарда әуе әскері-десанттар майданның алдыңғы шебінде болды.
Десанттар Ауған жерінде намыс пен өр рухтың иесі екенін дәлелдеп, мыңдаған сарбаз нағыз ерлік пен өжеттілік танытты.
Бұған қоса биыл Қазақстанның әуе-десанты әскерінің құрылғанына 85 жыл толып отыр. Салтанатты жиынға қатысқан ардагерлер алдымен қатарда жүріп қаза болғандарды еске алды. Бір минут үнсіздік жариялап, олардың ерлігі алдында тағзым етіп, ескеркішке гүл шоқтарын қойды.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=bsbrilqy_ik[/youtube]
Мерейтойға келген Ресейдің қорғаныс министрлігінің өкілі әуе-десанттық әскер қатарында болып, Ауғанстанда борышын өтеген ардагерлерге отан алдындағы міндетін адал атқарғаны үшін алғысын жеткізіп, арнайы марапаттады.