Шымкентте жаяу жүргіншіні көлік қағып кету оқиғасы тіркелді. Келеңсіз жағдай Айтауытов көшесінің бойында болған. «Айна» базары маңында жас жігітті «Лада Гранта» маркалы көлігі қағып кетті.
Көлік астына түскен жігіттің жасы — шамамен 20-да. Оқиға орнына адамдар лезде жиналып қалды. Бірі полицейлерге, бірі жедел жәрдем дәрігерлеріне хабар беруде.
Соққының салдарынан жас жігіттің миы шайқалған болуы мүмкін. Куәлер оның жағы да сынған деп отыр. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері қазір адам қағу фактісі бойынша тексеру жүргізуде.