Жекеменшік медицинаны дамытуға дайынбыз ба? Бұл сауал облыстық кәсіпкерлер палатасының кезекті жиынында талқыланды. Елбасының «100 нақты қадам» бағдарламасында дәл осы саланы ілгерлетуге тапсырма берілген. Мемлекеттік медициналық ұйымдарды жекешелендіруді ынталандыру, жеке клиниакалар арқылы тегін медициналық көмек алу жолдары қарастырылды.
Айта өтейік, өңірде бюджет қаржысы есебінен 31 жеке клиникаға мемлекеттік тапсырыс берілген. Нәтижесінде науқастар дер кезінде сапалы ем алып, сауыққан. Оның үстіне емханалардағы ұзын-сонар кезектен жалыққан жұртшылық жеке дәрігердің көмегіне жүгініп жүр дейді мамандар. Сондықтан жекеменшік медицинаны дамытудың даңғыл жолына түсуге қарсы емес.
Ал жергілікті билік өкілдері жеке клиникалардағы мамандардың тағдырына алаңдайтынын жасырмады. Талай жылдың еңбек өтілі бар дәрігер жеке клиникаға кеткенде түрлі жағдайға тап болуы мүмкін дейді.